Аққыстауда егіздер алғаш рет референдумда дауыс берді

Исатай ауданының Аққыстау ауылында республикалық референдумға алғаш рет қатысқан егіздер – Абат Айболат пен Абат Нұрболат өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті, деп хабарлайды AtyrauPress.
Жас сайлаушылар референдум учаскесіне келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлестерін қосты. Олардың айтуынша, мемлекет тағдырына қатысты мәселелерге бейжай қарамай, азаматтық борышты орындау – әрбір жас үшін маңызды.

Алғаш рет дауыс берген егіздердің бұл қадамы ауыл тұрғындары тарапынан да қолдау тауып, жас буынның қоғамдық өмірге белсенді араласып келе жатқанын көрсетті.

Айта кетейік, республикалық референдум – азаматтардың ел дамуына қатысты маңызды шешімдерге өз пікірін білдіруіне мүмкіндік беретін демократиялық тетік.