Аймақ басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Аймақ басшысы азаматтардың көтерген мәселесін сала мамандарымен бірге қарап, қажетті кеңес берді.

Облыс әкімінің қабылдауына келген тұрғындардың арасында Береке ықшамауданындағы Ану-1 бау-бақша қоғамдастығының тұрғындары бар. Олар өз қаражатына сатып алған трансформаторды қала әкімдігінің теңгеріме беруге ықпал етуді сұрады.

- Біз мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналармыз. Үйіміз бау-бақша қоғамдастығы жерінде орналасқандықтан әлі инженерлік инфрақұрылым жүргізілмегендіктен электр жарығы тұрақты берілу үшін ақша жинап, трансформатор сатып алдық. Орнатқанмен де күтіп ұстау қиындық келтіріп отыр. Соны қалалық әкімдіктің теңгеріме беруге ықпал етсеңіз деген өтінішіміз бар. Сондай-ақ қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізіп, Ану-1 бау-бақшасын жеке тұрғын үй секторына ауыстыруға рұқсат беруді сұраймын, - деді Айнагүл Сабалақова.

Серік Шәпкенов жауапты басшыларға трансформаторды қала әкімдігінің теңгеріміне алу үшін тиісті құжаттарды дайындауды тапсырды. Оған қоса қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізу жұмыстары аяқталған соң, Ану-1 бау-бақша қоғамдастығы нысаналы мақсаты тұрғын үйге ауысса ғана инженерлік-инфрақұрылым жүргізіп, автокөлік жолын салу жоспарда бар екенін айтты.

Сондай-ақ кездесуде жер телімін бөлу, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, әлеуметтік көмек көрсету, несие өтеп беру, тұрғын үй кезегін жылжыту сынды мәселелер қаралды.

Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз ету, мәселесін көтерді. Оларға баспана заң аясында кезек реттілігімен ғана берілетіні түсіндірілді.

Елімізде көп балалы аналар, І және ІІ топ мүгедектігі бар балалар тәрбиелеп отырғандар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жалдап отырған үйінің құнын 50%-ын үкімет төлейтін көмек түрі бар.

Өтемақыны алу үшін отбасының әр мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген шамасынан аспауы тиіс. Сонымен қатар баспанаға мұқтаж ретінде есепке қойылып, тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін алуы қажет. Бұдан бөлек тұрғын үйдің меншік иесі мен жалға алушы арасында жасалған, сондай-ақ құқықтық кадастрда тіркелген шарт болуы тиіс.

Облыс әкімі бүгінге дейін 59 қабылдау өткізіп, 800-ге жуық тұрғынды жеке қабылдады. Сондай-ақ аудандарға жұмыс сапары барыс