Агенттік өкілі Әдеп жөніндегі уәкілдермен кездесті

Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкілдер институтының маңыздылығы айтылды, деп хабарлайды ATPress. kz.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі Айнұр Енсегенованың қатысуымен Атырау облысындағы жергілікті атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдардың аумақтық департаменттерінің Әдеп жөніндегі уәкілдеріне арналған семинар-жиын өтті.

​ Аталған шара барысында А.Енсегенова қызметшілердің әдептілік деңгейлерін күшейтуде Әдеп жөніндегі уәкілдер институтының маңыздылығын атай отырып, өздеріне жүктелген функцияларын атқару барысында көңіл бөлуді қажет ететін мәселелерді айқындап өтті.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтарының алдын-алуға бағытталған бірқатар ұсыныстарымен бөлісті. ​

Бұл ретте, Департамент басшының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Абылайхан Наурызбаев Әдеп жөніндегі уәкілдермен атқарылған шаралар туралы баяндады. ​

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілдер атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісіп, тәжірибе алмасу мақсатындағы пікірлері ортаға салынды.

Шара соңында А.Наурызбаев Әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік қызметшілермен әдептілік деңгейін күшейтуге, бұзушылықтардың алдын-алуға және болдырмауға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуге, міндеттерін одан әрі жауаптылықпен атқаруларына тілек білдірді.