Абиба Абужақынова жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты

«AtyrauPress» сайты Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өңірге және елге белгілі азаматтармен сауалнама жүргізуді жалғастыра бермек.

Келесі кейіпкер – қазақ қыздары арасынан алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанған атыраулық дзюдошы Абиба Абужақынова.

1.Жаңа жылды қайда және қалай қарсы аласыз?

– Жаңа жыл мерекесін аса бір қатты тойламаймын. Қоғамдық жерлерге барып, қарапайым түрде атап өтемін. «Сағат қашан түнгі 12 болады екен» деп күтпеймін.

2.Үй ішін қалай безендіресіз? Шырша аласыз ба?

– Шырша сатып алмаймын.

3.Жаңа жыл қазақ халқына тән мереке емес деп жатады. Ал, сіз қалай ойлайсыз?

– Иә, рас, келісемін, бұл мереке біздің халқымызға тән емес. Бірақ, әлем болып тойланатын ерекше мейрам ғой. Сондықтан бәрі де тойлағысы келеді. Бұрын кішкентай кезімде мен де тойладым. Ал, қазір есейген соң, бар уақытымды тек жаттығуға жұмсаймын, көңілімді тек соған аударамын. Тек 31 желтоқсан күні ғана демаламын, қалған күндері жарыстарға дайындаламын. Себебі, менің мақсатым – той тойлау емес, шеберлігімді одан әрі шыңдау.