8 алтын, 10 күміс, 4 қола...

Астанада ерлер мен әйелдер арасында джиу-джитсудан ел Кубогы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Онда Айбар Есенғалиев бастаған Атырау облысының спортшылары 8 алтын, 10 күміс және 4 қола жүлдемен жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды. Лев Винс, Әмірше Ғибрат, Төреғожина Айгерім, Шербаев Юсуфбек, Абатбаев Ерлан, Қуаныққызы Аружан, Мадыханов Русланхан және Қуанышқызы Аружан ел кубогінің иегерлері атанды. Ал, Ғабит Ақниет, Ақжігітов Әлішер, Қуанышқызы Аружан, Наурызбаева Аяулым, Бисембиева Мадина, Абдулхамидов Айдос, Болатов Диас, Батырхан Дастан, Бадел Нұрдаулет және Жексенбаева Гүлнұр күміс медаль еншіледі. Сондай-ақ, Шербаев Юсуфбек, Абатбаев Ерлан, Табылды Айдос және Әмірше Ғибрат үздік үштікті түйіндеді.

 Айта кету керек, ел кубогінің финалына шыққан спортшылар ұлттық құрама сапына алынып, Азия және Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайтын болады.