Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи мәлім етті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Биыл Атырау қаласында жұмыспен қамту мәселесі бойынша 15 953 адам өтініш білдіріп, 6728 адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде жастар практикасына 206 адам жіберілген.
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын 376 жанұяның 1991 алушысына 164,2 млн теңге төленді. Ал тұрғын үй көмегі бойынша 273 аз қамтылған отбасындағы 487 азаматқа 11 млн теңге, мүгедек балаларын үйден оқытатын 271 отбасына 13,3 млн теңге берілді. Сонымен қатар өмірлік қиын жағдайға ұшыраған 1036 адамға 67,2 млн теңге бір жолғы әлеуметтік көмек төленіп отыр,- деді М.Қалауи.
Сонымен қатар қозғалуында қиындығы бар жандарға арнайы «Инватакси» тасымалдау қызметі 38 автокөлікпен 417 мүгедектігі бар адамға қызмет көрсеткен. Ал есту қабілеті нашар жандарға 8 ымдау тілі маманы 118 мүмкіндігі шектеулі жанға қызмет көрсетуде.