62 жастағы атыраулық тазалықшы қызықты сәттермен бөлісті

«Таза Қазақстан» жобасы аясында қаланың тазалығына жауапты «АрнаулыАвтобаза» ЖШС жоспарлы жұмыс істесе, мекеменің сол жағалау бойынша орталық бөлім басшысы, 62 жасар Жаңыл Хабиева мұнда 23 жыл бойын еңбек етіп келеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ж.Хабиеванің айтуынша, бұл оның сүйікті жұмысы, ал қала тазалығын сақтау – әр азаматтың міндеті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. 

Возможно, это изображение 1 человек и цветок

- Біз сөздің емес, істің адамымыз. Қыстың аязы мен жаздың ыстығында және жаңбыр суын сору кезінде уақытпен өлшенбейтін жұмыс атқарамыз. Сондай-ақ, су тасқыны кезінде азаматтарымыз ауыздықпен алысып, етікпен су кешіп күні-түні қызмет етті. Негізінен менің тобым орталық аудандарды қарайды, бұл - шаһар тұрғындары мен қонақтары үшін өте маңызды. Қоғам мен басшылық тарапынан еңбегіміз лайықты бағаланады. Айталық, қоғамдық көлікке қызметкерлеріміз мінсе, жүргізушілер жолақысын алмай, ізгі ниеттерін білдіреді. Жалпы бұрынғыға қарағанда соңғы уақытта адамдарда мәдениет қалыптасып келе жатқанын байқаймыз, - деді Ж.Хабиева.

Возможно, это изображение 2 человека и текст

Еңбек иесі отбасылы, екі ұл, екі қыздың анасы. Одан он екі немере-жиен сүйіп отыр. 2001 жылдан бастап осы салада қызмет етіп, бөлім басшысына дейін көтерілген оның қол астында 30-40 адамнан тұратын, төрт бригада бар. Олар Тұрғындар қалашығы мен Химпоселок ықшамауданы, Азаттық, С.Датов, М.Темірханов көшелері, Құрманғазы мен Қ.Смағұлов аллеясы және жағалау бойынының тазалығына қарайды.

Возможно, это изображение 6 человек и люди улыбаются