54 жастағы атыраулық үйінде есірткі өсірген

Атырауда есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіріп, сақтаған 54 жастағы күдікті анықталды, деп хабарлайды polisia.kz

9 қараша күні Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлескен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қала аумағында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіріп, сақтаған 54 жастағы күдіктіні анықтады. Үйде 50 қарасора бұтасы, 2 полиэтилен қапшыққа салынған салмағы 2,7 келі кептірілген марихуана, 2 әйнек шыныға салынған шөптің дәндері табылды. Күдікті Атырау қаласы УҰИ-ға қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен, ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.