300-ге жуық атыраулықты үй саламыз деп алдағандарға үкім шықты

Барлығы 271 адамнан 2 миллиард теңге алған тұрғын үй кооперативінің құрылтайшыларына сот үкімі шықты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Әңгіме атышулы «Ақмаржан» мен «Жібек жолы» кооперативтеріне қатысты болып отыр. Үкім бойынша құрылтайшылар алдағы 6 жылын темір торда өткізеді. Сот оларды жәбірленушілердің қаражатын бөліп төлеуге міндеттеді.

«Иә, олар сотталды. Жазасын да өтейді. Бірақ біздің ақшамыз қай уақытта толық қайтады? Біз қай уақытта үйлі боламыз? Пәтер жалдап қашанғы жүреміз?» деген үлескерлер ақшалары толық қашан қайтарылатынын білмей дал.

Айта кетейік, 2020 жылы салына бастаған үй құрылысы 2021 жылы тоқтап қалған болатын.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ