260-қа жуық атыраулық шағымданды

Атырауда жыл басталғалы азаматтарға арналған фронт-офисте 260-қа жуық азамат арыз-шағыммен жүгінген, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Айта кетейік, бүгінде тұрғындар шағымының басым бөлігі - әкімшілік тәжірибе, қылмыстық істерді тергеу мәселелеріне қатысты. Сол себепті, фронт-офис алаңында осы мәселелерге жауапты құзыретті қызметкерлер, яғни жергілікті полиция және әкімшілік полиция бөлімдерінің қызметкерлері, анықтаушылар мен тергеушілер қызмет көрсетіп, тұрғындар сауалына жауап береді.