26 тамызда Атырауда марафон өтеді

Атырауда 30 тамыз – ҚР Конститутциясы күніне орай “Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ!” атты 10 шақырымдық жүгіру марафоны өткізіледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұқаралық спорт жарысы 26 тамыз күні сағат 8:00-де өтеді. Оны Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қоры ұйымдастыруда.

Жүгіру аумағы - Атырау облысы әкімдігінің алды, «Сұлтан Бейбарыс» алаңы (Әйтеке би, 77) мен «Sultan Palace» қонақ үйінің (Әбілқайыр хан даңғылы, 70) аралығы. Ал жүлде қорына келсек, 1-орынға 200 000 теңге, 2-орынға 150 000 теңге, 3-орынға 100 000 теңге. 

Айта кетейік, марафонға қатысу үшін тегін тіркелуге болады (87025147541; 87026178402). 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ