23 жастағы атыраулық екі айдан бері табылмай жатыр...

Атырау қаласының 2001 жылы туған тұрғыны Жайлыбаев Бауыржан Маратұлы іздестірілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ол қазан айында үйінен шығып, осы уақытқа дейін оралмаған. 

"Егер қандай да бір ақпарат білсеңіз, дереу 102 нөміріне немесе 98-11-14 хабарласыңыз. Ақпарат берген адамның аты-жөні құпия сақталады" делінген облыстық ПД хабарламасында.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ