23 наурыз күні әлемде “Жер сағаты” халықаралық экологиялық акциясы өтті

“Жер сағаты”— бүкіл әлем бойынша 2 млрд адам қатысатын ең ауқымды халықаралық экологиялық акция. Мақсаты — ғаламшар тұрғындарын табиғатқа және оның ресурстарына жауапкершілікпен қарауға шақыру.

Атырау облысы Білім беру басқармасы Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығы дүниежүзілік акцияға өз үлесін  қосты. 

Акция барысында Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында оқушылардан құралған өнер ұжымдары жанды дауыста өнер көрсетіп, көрме ұйымдастырылды. 

Сондай-ақ электр қуатын үнемдеу мақсатында мектеп парламенті мен еріктілер көшелерде, қоғамдық орындарда ақпарат бетшелерін таратты.

“Жер елшілері” креативті жастардың Бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы” жобасында ұсынылған іс˗шаралар негізінде «Этно˗эко стиліндегі өмір» тақырыбында білім беру ұйымдары оқушылары жаппай эко челлендждер өткізді.