Атырауда келесі жылы қала жолдары ауқымды түрде жаңартылмақ. Қалалық ТКШ басқармасының мәліметінше, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына жалпы ұзындығы 52 шақырымнан асатын 20-дан астам учаске енгізілген, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Тізімге орталық көшелермен қатар, тұрғын массивтердегі жолдар да кірді. Олардың қатарында:
Тлендиев көшесі — 0,9 км
Еркинов көшесі — 1 км
1 Мамыр көшесі — 1,7 км
Геологиялық көшесі — 0,5 км
Жаналы (Агропромная) көшесі — 1,2 км
Имашев көшесі — 0,35 км
Бекмағамбетов көшесі — 2,4 км
Сакипов көшесі — 0,7 км
Сырдария көшесі — 0,5 км
А. Байтұрсынов көшесі — 0,1 км
Шореев көшесі — 2,5 км
Олимбаев көшесі (Береке мөлтек ауданы) — 2,8 км
3-ші Кабдолов көшесі — 11,7 км
«Елорда» көпір өткелі — 2,7 км
Т. Бигельдинов көшесі (мал базары аумағы) — 0,49 км
Т. Әлиев көшесі — 2,1 км
Луговая көшесі — 0,95 км
Мұқашев көшесі — 0,63 км
Х. Досмұхамедов көшесінен Маденов көшесіне дейінгі аралық — 1 км
Атырау–Индер трассасы (10–20 км) — 10 км
Садыков көшесі — 2,2 км
Доссор көшесі (Махамбет–Датов аралығы) — 2,4 км.
Сонымен қатар, жоспарға КТК маңында жаңа жол салу, Атырау–Доссор трассасын және бірқатар ішкі қалалық өткелдерді қайта жаңғырту енгізілген. Олардың ішінде Доссор көшесі (Махамбет–Датов бөлігі) — 2,4 км, Самал, Береке, Өркен, Атырау мөлтек аудандарындағы жолдар — 10 км.
ТКШ басқармасы атап өткендей, жол инфрақұрылымының жаңартылуы көлік қолжетімділігін арттырып, қаланың орталық магистральдарына түсетін жүктемені азайтады.
Динара Канбетова, автор фотосы