2022 жылдың қорытындысы: AtyrauPress-тің назарына не ілікті?

Жыл бойы AtyrauPress сайтының тілшілері облыстағы маңызды әрі көкейтесті мәселелерді көтерді. Сайт тілшілерінің назарына іліккен бірқатар материалдар қоғамдық пікір туғызып, енді бірі өз шешімін тапты.

Санаулы күндерден соң 2022 жыл да аяқталғалы тұр. Бұл жыл ақпараттық портал тілшілері үшін жемісті жыл болды. Тілшілер құрамы жыл бойы аймақтағы өзекті мәселелермен қатар жетістіктерді де лезде жариялап, халықты мемлекеттік және ресми тілде күн, түн демей ақпараттандырып отырды.

Ал 2015 жылы ATPress.kz болып негізі қаланған  сайттың атауы  биыл AtyrauPress болып өзгерді.

Осы жолы AtyrauPress ақпараттық портал тілшілері жарыққа шығарған маңдайалды материалдар  топтамасының бірін ұсынамыз. Бұл ақпараттар оқырман тарапынан өз бағасын алды. Ал ең бастысы, біз көтерген мәселелер республикалық БАҚ-ның қырағы назарына ілігіп, жалпы қазақстандықтар да құлағдар болды.

Сонымен, жыл басында Қаңтар оқиғасы кезінде Атырау қаласындағы жаппай тәртіпсіздік барысында бүлікшілер ұрып-соғып, орталық көпірден лақтырып жіберген сарбаз туралы ақпарат тарап кетті.  Бірі сенсе, енді бірі күмәнмен қарады. Осы ретте ATPRess.kz сайтының тілшісі қақтығыс кезінде алаңда болған сарбазбен арнайы тілдесіп қайтқан еді.

Бүлікшілер көпірден лақтырған сарбаз Атыраудағы тәртіпсіздіктің қалай болғанын айтты

Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты басталып, бүкіл республикалық  БАҚ-тың назары осы сот процесінде болды. Біздің тілшілеріміз бір емес, бірнеше отырысқа  жалғасқан сот процесі туралы жылдам әрі экслюзив материалдар таратты.

Хаменованың соты: 231млн 490 мың 511 теңге қайда жұмсалды?

Атырауда апатты үй мәселесі өзекті. Сайт тілшілері осы бағытта бірқатар өткір материалдарды назарларыңызға ұсынған болатын. Ескі үйде тұрғандардың арасында қоныс тойын тойлағандар да бар.

Апатты үй тұрғындарының әр күні үрейге толы

Атырауда жатақхана тұрғындары үйді модернизациялауға қарсы

Апатты үй: Атырауда салынғанына 125 жыл болған үй әлі сүрілмей тұр (+ФОТО)

Атырауда ескі үйлер жаңасына ауыстырылуда (+ВИДЕО, ФОТО)

Сондай-ақ, мектеп құрылысы, білім ұяларындағы мәселелер де жіті назарда болды.

Атырауда BINOM мектептерінің құрылысы тоқтап тұр (+ВИДЕО)

Атырауда тоқтап тұрған BINOM мектептерінің құрылысы қайта қарқын алды (фото)

Асханасы, спорт және акт залы жоқ мектепте балалар қалай оқып жүр?

Атыраудағы мектеп асханалары: Балаңыз қандай ас ішіп жүр?

Сүйіншілетіп, биылғы жылы алғаш рет туылған үшем туралы да жарыса жазылды.

Ахмад, Батырхан, Исмайл: Атырауда дүниеге келген үшем перзентханадан шықты

Қыркүйек айында Ресейдегі ішінара мобилизациядан қашқандар Атырауға келіп, жалдамалы пәтерлердің бағасы ҰШТЫ! Есіңізде болар.

Атырауда пәтерді жалға алу бағасы миллионға жетті

Атыраудағы концерт залына сақалды құрылыс атауын беріп, алғашқылардың бірі болып мәселе көтердік. Енді Мемлект басшысының тапсырмасына орай ол ғимарат толық бұзылып, орнына өнер орталығы салынбақ.

Сақалды құрылыс: Атыраудағы концерт залының тағдыры не болмақ?

Атыраудағы концерт залы түбегейлі бұзылып, орнына өнер орталығы салынады

Атыраулық бағбандар қарап отырмай, өз несібесін жерден алуда. Кәсібін дөңгелетіп отырған Мұрат Каликов туралы оқыңыз.

Атыраулық бағбан алманың 15 түрін өсіреді (+ВИДЕО, ФОТО)

Атыраулықтардың төбесін жеңісімен көкке жеткізген дзюдошы Әбиба Абужақынова тілшімізге эксклюзив сұхбат берді. Оны да оқыңыз.

Әбиба Абужақынова эксклюзивті сұхбат берді

Сайтта жарияланып, талданған, қызу пікір-таласқа түскен, бастысы оң шешімін тапқан материалдар жеткілікті. Бұл біз жазған ақпарат ағынының  бір парасы ғана. Олай болса, Жаңа 2023 жылы да AtyrauPress сайтын іздеп оқитын қадірлі оқырманымыз болыңыз!