Primeminister.kz редакциясы республиканың әлеуметтік саласында биыл атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен таныстырды
Алдымен қазақстандық ата-аналарды толғандырып отырған білім саласына тоқталуға болады. Жыл басынан бері республикада 37,7 мың балаға арналған 453 балабақша ашылды, нәтижесінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту үлесі 98,4%-ға жетті.
Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қабылданды. Оның аясында 2025 жылға дейін 842 мың балаға арналған мүлдем жаңа форматтағы 400-ден астам мектеп салу жоспарланып отыр, олар қажетті оқу жабдықтарымен, пән кабинеттерімен, компьютерлік сыныптармен, зертханалармен және шеберханалармен, бейнебақылау және дыбыстық ескерту жүйелерімен, балаларға арналған жеке шкафтармен және т. б. толықтай жабдықталады.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласы да – азаматтар үшін аса маңызды салалардың бірі. Биыл жаңадан 87 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны ашылды, олардың қатарында 4 емхана, 5 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы, 24 дәрігерлік амбулатория, 11 фельдшерлік-акушерлік пункт және 43 медициналық пункт бар. Бұл нысандардың көп бөлігі ауылдық жерлерде ашылды. Оның қатарында Маңғыстау облысында екі жаңа стационар, медициналық ұйымдар базасында 72 дәріхана және ауылдарда 161 дәріхана іске қосылды.
Сонымен қатар ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексерулер енгізілді, 49 тұқым қуалайтын ауруларды анықтау үшін жаңа туған нәрестелерді скринингтен өткізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды, балаларды кәсіби тексеру пакеттері кеңейтілді, «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының жұмысы қайта жанданды, олар 147 станцияға барып, шалғайдағы елді мекендердің 77 мыңнан астам тұрғынына медициналық көмек көрсетті.
Жалпы еліміз бойынша жедел жәрдем 4 млн-ға жуық шақыртуды қамтамасыз етіп, медициналық авиация 1 мыңнан астам рейс орындады, стационарларда 1,5 млн-ға жуық науқас емделді, 350 мыңнан астам ота жасалып, 200 мыңға жуық әйел босанды.
Сонымен қатар 2023 жылы онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі үш жылдық кешенді жоспарды іске асыру басталады.
Әлеуметтік саланы дамыту туралы сөз қозғағанда, азаматтардың табысын арттыру мәселесін айналып өтуге болмайды. Бұл бағытта Үкімет арнайы қолдау шараларын жүзеге асырып жатыр, сондай-ақ тағы бір жаңа бағдарлама әзірленді.
Сонымен қатар биыл ғалымдардың жалақысы 2 есе ұлғайып, ғылыммен айналысатын жас мамандарды қолдауға 1 000-нан астам грант бөлінді. Дарынды ғалымдарға (35 жасқа дейін) жыл сайын 50 мемлекеттік ғылыми стипендия беріледі, ал 2023 жылы студенттер стипендиясының көлемін ұлғайтуды жалғастыру жоспарланып отыр.
Жоба Жамбыл облысында сәтті сыналды, енді 1 млн-нан астам ауыл тұрғындарын қамту үшін оны еліміздің барлық өңірінде қолдану үшін жұмыс жүргізілетін болады. Нәтижесінде барлық жеке үй шаруашылығының жартысы ауыл шаруашылығы кооперациясына тартылады, сондай-ақ 350 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Келесі жылы бұл мақсаттарға 70 млрд теңге қарастырылған.
Жоғарыда даму бағдарламалары мен шаралары туралы айтылды, осы орайда мемлекет өзінің барлық әлеуметтік міндеттемесін толық көлемде орындап келеді. Мәселен, бүгінгі таңда шамамен 2,2 млн зейнеткер бар, ал мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны – 1,8 млн адам. Биыл
Бұл бағытта «Отбасының цифрлық картасын» енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, ол проактивті форматта белгіленген әлеуметтік мемлекеттік кепілдіктер беру арқылы қазақстандық отбасылардың әлеуметтік тәуекелдерінің алдын алу жүйесінің негізіне айналады. Оны пилоттық іске асыру шеңберінде 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 26 мың азаматқа әлеуметтік төлемдер тағайындалды.
Сондай-ақ мемлекет азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын тұрақты негізде іске асырады және жетілдіріп келеді. Биыл осы жұмыс аясында 900 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 250 мың жас бар. 2023 жылы шамамен 1 млн адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.