200-ге жуық қоқыс алаңы орнатылмақ

Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи мәлім етті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Қала тазалығы әр тұрғынның жауапкершілігінде. Алайда, біздің климаттық жағдайдан да, елді мекендердегі төрт түлік малдың жайылып жүріп, қоқыс алаңдарын шашып тастайтынын да байқаймыз. Осы мәселені шешу үшін қаладағы қоқыс алаңдарын жаңғырту жұмыстары белсенді түрде іске асуда. Бүгінде қала бойынша жаңадан 167 қоқыс алаңын орнаттық. Қалған жұмыстар келер жылы жалғасады,- деді М.Қалауи.