19 Маусым, 2023 49

20 маусым күні Атыраудың бір бөлігінде жарық болмайды


Бұл туралы AtyrauPress «Атырау Жарық» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Атырау Жарық» АҚ-ның қалалық электр жүйелері 20 маусым күні электр желісіндегі күрделі жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында төмендегі көрсетілген мекенжайларда жарық сөндіру жұмыстары жүргізілетінін ескертеді. Уақытша туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.

Сағат 09.00 – 12.00 аралығында: Зарослый, Железнодорожник елді мекенінде;

Сағат 09.00 – 18.00 аралығында Алмалы ауылы мен Бейбітшілік, Атырау, Жастар, Жәнібек хан, Доспамбет жырау, Жаңа құрылыс, Құрманғалиев, М.Өзтүрік, Болашақ, Орманов көшелерінде;

Сағат 10.00 – 18.00 Бигелдинов, Досмұхамедов, Қазрет, Елеусиев, Теміртау, Томбовский, Тихий, Әлиев, Досымов, Тайманов, Құрманғалиев, Атамұра, Нәубетов, Құрманғазы, Афанасьев  көшелерінде жарық сөндіріледі.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА