Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи «Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» брифингте мәлім етті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Биыл «Атырау қаласының көше жарығы желісінің құрылысын салу» жобасының 4-кезеңі бойынша 149,7 шақырымды құрайтын электр желісі жүргізіліп, 188 көшеге жарық шамдары орнатылды.
– Осы жылдың аяғына дейін 5-кезең бойынша жоспарланған 378 көшенің 270 шақырымды құрайтын 72 көшесін жарықтандыру жоспарланып отыр. Атырау қаласындағы ескі шамдарды жаңа заманауи үлгідегі LED шамдарға ауыстыру мақсатында 200,9 млн теңгеге мердігер мекемемен келсім-шарт жасақталып, күні бүгінде 2900 шам ауыстырылды,- деді М.Қалауи.