18 жас кәсіпкер миллион теңгелік грант иегері атанды

«Atyrau Jastar Fest-2025» фестивалінің финалдық кеші Сұлтан Бейбарыс алаңында өтті.

Жобаға барлығы 355 өтінім келіп түсіп, олардың ішінен 120-сы іріктелді. Нәтижесінде алты бағыт бойынша әрқайсысына бір миллион теңгеден грант берілетін 18 жеңімпаз анықталды.

Салтанатты марапаттау рәсімінде гранттарды Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов табыстады. Кеш мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.