18 жасар студент «Атырау аруы - 2022» байқауында жеңімпаз атанды

Атыраулық Жанель Мырзатаева жуырда өткен "Атырау аруы - 2022» байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы «Қазақстан аруы» сұлулық ұлттық байқауының Атырау қаласындағы филиалының президенті, «Vero Modelz» модельдік агенттігінің директоры Вероника Қошманова мәлімдеді.

Бойжеткен Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде инженер-конструктор мамандығы бойынша оқиды. Ол қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.

Сонымен қатар, ол  цифрлық саланы жақсы көреді және  SMM-мен айналысады.

«Интернет пен жоғары технологиялар заманында үздіксіз білім алу керек деп есептеймін. Мен көп жұмыс істеп, өзімді жетілдіремін. Өз басым жаңа нәрсені үйренгенді ұнатамын, әртүрлі курстарда білімімді шыңдаймын және әртүрлі салада дамуға тырысамын. Қазір мен бизнеспен түбегейлі айналысып жүрмін. Қыз-келіншектердің кимін сататын дүкен ашуға бар күшімді салып жатырмын» дейді Ж.Мырзатаева.

Жанель бала кезінен модель болуды және «Атырау аруы» байқауына қатысуды армандағанын айтады.

«Мен модель саласында 15 жасымнан бері айналыстым. Қазір Vero Modelz модельдік агенттігінің мүшесімін. Алға қойған мақсаттарым көп, соның бірі «Атырау аруы» атану болса, биыл отбасымның, достарымның қолдауымен өзімді, күшімді сынап көрейін деп шештім. Болашақта осы саланы дамытып, қайырымдылықпен де айналысуды жоспарлап отырмын».

Бойжеткен «Қазақстан аруы-2022» байқауының үздік 25 финалына іріктеуден өтті. Ол  онлайн форматта өткенеді.  

Енді «Атырау аруы - 2022» жеңімпазы Жанел Мырзатаева 18 қарашада Алматыдағы Республика сарайында өтетін «Қазақстан аруы - 2022» ұлттық байқауына мұнайлы астана Атыраудың атынан қатысуға аттанады, - деді Вероника Кошманова.

Аударға Э.МЫҚТЫБАЕВА.