Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мурзиев мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Құрманғазы ауданында 10 ай ішінде 1567 адам жұмыспен қамтылған. Есепті мерзім соңында тіркеуде қалған жұмыссыздар саны – 1627 адам, жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады. Осы орайда 1611 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 775-і тұрақты, 836-сы уақытша. Оның ішінде көктемгі балық аулау маусымында 6 мекеме белгілеген лимит көлемінде жұмыс жасап, 1097 жергілікті тұрғын тұрақты және маусымдық жұмыстарға тартылған болатын,- деді М.Мурзиев.
Сонымен қатар аудан әкімінің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекті 188 отбасындағы 1088 адам алған. Аталған отбасыларға бюджеттен 40 млн 900 мың теңге қаржы төленіп отыр.