Ертең, яғни 13 желтоқсан сәрсенбі күні Атырау қаласы мектептерінің оқушылары қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, күннің суытуына байланысты сәрсенбі күні де оқушылар онлайн форматта дәріс алады.
"Атырау облыстық білім беру басқармасы ауа райын болжау орталығы берген мәліметтерге сүйене отырып, 13 желтоқсанда Атырау қаласындағы жалпы білім беретін мектептер қашықтан оқитынын хабарлайды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге салайық, бүгін облыстағы барлық мектептерде сабақ қашықтан өткізілді.
Эльмира Мықтыбаева
Фото: AtyrauPress