1,1 миллиард теңгеге заңсыз мазут сатқандар ұсталды

Шымкентте жалпы құны 1,1 миллиард теңгеден асатын 8 мың тоннаға жуық мазутты заңсыз сату дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
AФМ мәліметінше, екі кәсіпкер мазутты белгісіз біреулерден сатып алып, кейін оның шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз әртүрлі компанияларға заңсыз сатқан.