Атырауда 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцинация басталады

Биыл Атырау облысында  жергілікті бюджет қаражатына Ресей Федерациясында өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасының 65 000 дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында тұмаудың A /H3N2/, A/H1N1/ және B штаммдарының антигендері бар, деп хабарлайды AtyrauPress. 


Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөзқызметінің хабарлауынша, жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиялық маусымы 1 қазаннан басталып,  1 мамырға дейін созылады.

 Алдағы 2023-2024 жылдардағы тұмаудың эпидемиялық маусымында біздің облыста А/H1N1/pdm09 мен A /H3N2/ типті вирустың қосалқы түрлерінің айналымы және бұған В вирусының қосылуы мүмкін. 

 2023-2024 жылдардың өткен эпидмаусымында облыс бойынша ЖРВИ-ның 59 709 жағдайы, 100 мың адамға шаққандағы ауру көрсеткіші  8644,1 құрады. Оның ішінде тұмаудың зертханалық дәлелденген 65 жағдайы (оның ішінде жүкті әйелдер арасында – 25 жағдай, 14 жасқа дейінгі балалар – 16 жағдай) тіркелген болатын. Өткен эпимаусымда  тұмаудың 3 вирусы: A /H1N1/, A /H3N2/, сондай-ақ В вирусы айналымда қатар болды.

Тұмаудан басқа облыста тұмау емес вирустар айналымда болады. Өткен маусымда барлығы  614 үлгі зерттелді, оның ішінде 32,4%-да оң нәтиже анықталды (199 жағдай). Негізінен, риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирустық  инфекция анықталды.

Тұмау инфекциясының дамуының бірқатар ерекшеліктері болады. Тұмаудың бірінші белгілері ағзаға түскен вирустың көлеміне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына, вирустың типіне байланысты. Ауру инкубациялық кезеңнен басталады. Жұқтырудан бастап бірінші белгі пайда болғанға дейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өтеді (орташа есеппен 2-4 күн). Аурудың белгілері өте жіті басталады, сондықтан, пациент ауру белгілерінің басталуын көбінесе нақты атай алмайды.

Шұғыл көмекті қажет ететін белгілер туралы мынаны есте сақтау керек: 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С-тан жоғары болуы, бастың қатты ауыруы (ауырсынуды басатын препараттарды қабылдағаннан кейін де ауыру), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, аяқтағы  геморрагиялық бөртпе.

Тұмаудың алдын алудың барынша тиімді әдісі вакцинация.
Сатып алынған вакцинамен ақысыз түрде халықтың осал тобына жататын: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, балалар үйлерінің, сабилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті әйелдерді және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша тұмауға қарсы вакцинацияланды. 

Айта кетейік, былтыр тұмауға қарсы 67 111 адам егілді (халықтың жалпы санының 10,1%-і), оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 65 000 адам егілді, жұмыс берушілер есебінен 2111 адам егілді.