“Болашақ үшін дауыс бердім"

“Еліміздің болашағы үшін өзімнің азаматтық парызымды орындап, өз таңдауымды жасадым. Балаларымыздың келешегіне бей-жай қарамаймын. Туған еліміздің береке-бірлігін сақтауға әрбіріміз үлес қосуымыз керек деп санаймын” дейді 13 сайлау учаскесіне келіп дауыс берген Атырау қаласының тұрғыны Нәсіп Көшекова.

  Учаске төрағасы Бибігүл Ғапуованың айтуынша, 13 сайлау учаскесіне 2641 дауыс беруші тіркелген. -Ең қарт дауыс беруші 92 жаста, 18 жаста алғаш дауыс беретін 9 жас бар. Ал, денсаулық жағдайына байланысты 6 адам үйден дауыс беруге өтініш берген болатын,-дейді Бибігүл Бақтығалиқызы.

     Айбөпе Сабырова