"ТШО"-дан 14 күндік жұмыс кестесіне ауыстыруды сұрады

Жылыой ауданында «Теңізшевройл» ЖШС-нің және мердігер мекемелердің өкілдері тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Кездесудің мақсаты жергілікті халықты тұрақты жұмыспен қамту, «Келешек кеңею» жобасының аяқталуына орай жұмыс істеп жатырған жергілікті азаматтарды мүмкіндігінше жұмыста қалдыру шаралар ұйымдастыру және жұмыс уақытын 14/14 күнтізбелік күнге ауыстыру болды.

Возможно, это изображение 4 человека и люди учатся

Жиынға жергілікті тұрғындар, қоғам белсенділері, аудандық маслихат депутаттары, жергілікті атқарушы орган өкілдері қатынасты.

Жиын барцысында жұртшылықтан «Теңізшевройл» ЖШС-мен бірлесе жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру мақсатында үш жақты меморандум жасақтау, Жылыой аудандық мансап орталығының жұмыс берушілермен жұмыс жасау алгоритмі бойынша тиісті шаралар қабылдау, кәсіпкерлікке қолдау білдіріп, жұмыссыздықтың алдын-алу бойынша бастау алған «Таңдау» жобасының қаражатын көтеру; жергілікті халықтың жұмысқа орналасуына кедергі келтіріп отырған факторларды анықтап, заң талаптарына сәйкес шаралар қабылдау және 14/14 күндік жұмыс кестесіне ауысу бойынша шаралар қабылдау секілді ұсыныстар айтылды.

Возможно, это изображение 9 человек