Жылыойдың екі округіне көше жарығы жүргізілді

Жылыой ауданына қарасты Ақкиізтоғай және Тұрғызба ауылдарының көшелеріне жарық жүргізу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. «Казақстан электрокомплекс» ЖШС мекемесімен Тұрғызба ауылының 23 көшесіне 12 шақырым көше жарығы жүргізіліп, 449 жарық бағанасы орнатылды. Ал осы мекеменің мердігерлігімен Ақиізтоғай ауылының 29 көшесіне 14,9 шақырым көше жарығы жүргізіліп, 416 жарық бағанасы орнатылып, іске қосылды.  

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Саян Баселовтің айтуынша, бұл жұмыстар өткен жылдың қараша айында басталған. Бұған дейін Ақкиізтоғай ауылында 1 шақырым, ал Тұрғызба 2 шақырым ғана көше жарығы болған.  

Айта кетейік, Ақкиізтоғайда халық саны 1304 болса, Тұрғызбада 3520 тұрғын бар.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ