Жылыой әкімі тұрғындармен кездеседі

2023 жылғы 24 наурыз күні сағат 10.00-де Қара Арна ауылдық округі әкімі аппаратының акт залында және сағат 15.00-де Құлсары қаласының «Аққайың-2» бала бақшасының ғимаратының алдында аудан әкімі Жұмабек Қаражановтың @zhumabek_karazhanov ауыл тұрғындарымен кездесуі және жеке қабылдауы өтеді. Кездесу Facebook (Шоқпартоғай ауылы, Құлсары қаласы әкімі аппараты) және Instagram (qara_arna_akimi_apparaty, qulsary_qalasy_akimdigi) әлеуметтік желілердегі парақшаларда тікелей эфир арқылы көрсетіледі.
Сонымен қатар, тұрғындардың аудан әкіміне қоятын сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін жинақтау үшін Қара Арна ауылдық округінде №3 жалпы орта білім беретін мектептің ғимаратында және Қара Арна ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында, Құлсары қаласында «Аққайың-2» бала бақшасының ғимаратында және Жылыой ауданы әкімі аппараты ғимаратында арнайы жәшік орнатылған.