Жұмыссыз жүрген 2 мың әйел тегін оқытылмақ

Astana Hub Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп IT саласында жұмыс істегісі келетін 2000 әйелді оқытады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

18 жастан асқан жұмысқа орналаспаған әйелдер «IT-Aiel» бағдарламасына қатысуға өтініш бере алады және No Code School», «Freelance School», сондай-ақ негізгі компьютерлік сауаттылық курстарын оқи алады. Қатысушылар жаңа істі игеруге а.ж. 1 тамызында қазақ және орыс тілдерінде онлайн форматта кірісе алады. Бағдарламаға вебинарлар, воркшоптар, тікелей эфирлер, Q&A сессиялары және т. б. кіреді.

Жобаға қатысу үшін https://education.astanahub.com/itaiel/rus сілтемесі бойынша өтінім беру қажет. Оқу қорытындысы бойынша барлық түлектер электрондық растайтын сертификат алады. Бағдарламаның үздік 100 қатысушысы курстың соңында сертификаттарды тапсыру салтанатына шақырылады.

Өтінімдерді қабылдау 15 шілдеге дейін жалғасады, қосымша ақпаратты Astana Hub қолдау қызметінен 2222 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.