Жұмекен тұрғындарына жер телімі беріле ме?

Еңбекші ауылдық округі әкімі Жасқайрат Хамзин тұрғындар алдында атқарылған жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұдан өзге округ әкімінің баяндамасында ауыл тұрғындарының өзекті мәселесі – Кадырка ауылындағы 60 пәтерлік тұрғын үйлердегі пәтер жалдаушыларды тоқтату және ай сайынғы коммуналдық қызметке ақы жинаудағы кедергілер айтылды. Бұл мәселе бойынша, тұрғын үйлерге арнайы құрылған комиссия арқылы тексерулер жүргізіліп, төрт пәтер жалдаушы анықталып, құжаттары аудандық полиция бөліміне жолданған. Сондай-ақ құрылысы аяқталған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымнан тұрғындарға жер телімдері наурыз айынан бастап тапсырылатынын қаперге берді.
Аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы өз сөзінде Еңбекші ауылдық округіне қатысты жасақталып және құрылысы жүріп жатқан жобалармен таныстырып өтті. Сонымен қоса, аудан басшысы өзектердің тереңдетіп қазылуына орай, аудан бойынша 150 шақырым түп тереңдету жұмыстарына ЖСҚ жасақталғанын, аталған жобада Сурхан, Қадыр, Көнеу өзектерін түп тереңдету қарастырылғанын да еске салды.