Желіде атыраулық жас жігіттің жоғалғаны жазылуда

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде таралып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Іздеу салынған – 2000 жылы туған Вокзал маңы 5-ықшамаудан тұрғыны  Ануар Сармуханов.

"Ол үйінен сағат 00:30 шамасында шығып кеткен. Ұялы телефонын қалдырып кеткен. Үстіне қара күртіше, көк джинсы, ақ-қара түсті аяқкиім  киген" делінген жазбада.

Сондай-ақ, анасының телефон нөмірі қоса берілген - 8(701)6179537.