Жаңа жылдық аңдатпа: АТЫРАУДА ҚАЙДА НЕ БОЛАДЫ?

Атырау қаласында жаңа жылдық безендіру басталып та кетті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Орталық алаңдар, көшелер, ғимараттардың қасбеттері мерекелік сән-салатнатпен безендірілуде.

Бүгін, яғни, 20 желтоқсанда Исатай-Махамбет, Бейбарыс, С.Мұқашев алаңдары мен Нұрсаядағы саябақ, Балықшыдағы бұрынғы "Аққу" дүкені алдына шырша шамдары жағылып, концерт өтеді. Бұл туралы бүгін Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов брифинг барысында айтты.

Белгілі болғандай, 31 желтоқсанда сағат 20-23.00 аралығында қала халқына арнап концерт ұйымдастырылмақ. Соңы Бейбарыс алаңындағы отшашуға ұласады.

Сондай-ақ, Сарайшық базарының алдында 31 желтоқсан мен 1 қаңтарда ауылшаурашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Ал, 24-29 желтоқсан күндері М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында, 26-30 желтоқсан – ауылдық округтердегі мәдениет үйлерінде, 2-5 қаңтар – Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізілмек. Оған ерекше балалар да қатысады деп жоспарлануда.

 

 

 

Фото: chita.ru