«AtyrauPress» сайты Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өңірге және елге белгілі азаматтармен сауалнама жүргізді.
Ендеше, алғашқы кейіпкеріміз – мемлекеттік қызмет саласының ардагері, Атырау облысының Құрметті азаматы Рәшила МҮРСӘЛИЕВА.
1.Жаңа жылды қайда және қалай қарсы аласыз?
Бұл – отбасылық мереке. Сондықтан мүмкіндік болса, үй ішінде жанұяммен бірге үлкен дайындықпен қарсы аламын.
2.Үй ішін қалай безендіресіз? Шырша аласыз ба?
Жаңа жылды оның басты символына айналған шыршамен қарсы алып келе жатқаныма қырық жылдан асты. Оған ілінетін ойыншықтарды сақтап қоямын. Ал, жаңа жыл жақындағанда жаңартып отырамын.
3.Жаңа жыл қазақ халқына тән мереке емес деп жатады. Ал, сіз қалай ойлайсыз?
«Жаңа жыл қазақ халқына тән мереке емес» деген пікірмен келіспеймін. Бұл мейрамды бүкіл әлем халықтары тойлайды. Ендеше, бізге де неге тойламасқа? Тойлаймыз және жоғары деңгейде атап өтеміз.
Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын! Берекелі де бейбіт жыл болғай!