Жанбайда полиция пункті пайдалануға берілмек

Бұл туралы облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Исатай ауданының Жанбай ауылында екі көлікке арналған гаражы бар полиция бөлімінің құрылысы сәуір айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Жалпы сомасы 11 млн 582 мың теңге тұратын ғимараттың ауданы 244,95 шаршы метр. Учаскенің жалпы алаңы 0,0975 гектар. Мұнда басшының, учаскелік испектордың, жедел уәкілдің, кәмілет жасқа толмағандардың ісі жөніндегі инспектордың, кезекшінің бөлмелері қарастырылған. Сонымен қатар, ерлер, әйелдер, кәмілетке толмағандарға арналған үш уақытша ұстау бөлмесі мен автокөліктерге арналған екі бокс бар.

- «Альянс Би-Коммерц» ЖШС-ның мердігерлігімен құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау үшін, өткен жылдың 26 тамызында рұқсат алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ұзақтығы 8 айды құрайды. Пункт биыл сәуір айында пайдалануға тапсырылады деп күтілуде,- деді Н. Құсайынов.

Бұған дейін аталған ауылдағы полиция пункті бұрын талапқа сай болмаған. Айталық, уақытша ұстау бөлмелері қарастырылмаған. Қазіргі жаңа пунктте барлық қажеттіліктер қамтылып, заманауи үлгіде салынып отыр.