Жақсылық жасауға асығайық!

«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптікодағы» қоғамдық бірлестігі Атырау қалалық комитетінің төрағасы Бағытжан Ғимранұлы және Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Байғанинқызының ұйымдастыруымен  Білім қызметкерлерінің балаларына арналған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Акцияның басты мақсаты - балаларды орта біліммен толық қамтылуына жағдай туғызу. Маңызды міндет - қамқорлық жасау. Жаңа оқу жылына жақсы көңіл - күй, жаңа қарқын, білімге деген құштарлық, асыға күткен алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялатып отырған бұл қайырымдылық шара әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз.

«Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Қалалық білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарына №7 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебі, №9 Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім  беретін орта мектебі, №18 Х.Доспанова атындағы жалпы білім  беретін орта мектебі, №29 «Нұрсая» бөбекжай бақшасы, № 18 Балдырған бөбекжай бақшасы осы аталған білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің балаларына мектеп формалары мен сумкалары және оқу құралдары тапсырылды», деп айтты “Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптікодағы” қоғамдық бірлестігі Атырау қалалық комитетінің төраға орынбасары Миллат Альдешова. 

Сонымен қатар, төмендегі аталған беру ұйымдарының қызметкерлерінің балаларына қаржылай көмек көрсетілді. Олар: №2 Нәжімеденов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп, №27 И.Тайманов атындағы орта мектеп, №38 мектеп лицейі, №42 Н.Балғымбаев атындағы мектебі, Қ.Смагулов орта мектебі, Б.Нсанбаев орта мектебі, Алмалы орта мектебі, Талғайраң орта мектебі, М.Өтемісов орта мектебі, Отаралиев орта мектебі, ІТ лицейі, №10 «Құлыншақ» бөбекжай бақшасы, №20 « Алтын балық» бөбекжай бақшасы, №20 мектеп лицей, Ломоносов орта мектебі.

Қайырымдылық шараға қатысқан білім қызметкерлері Атырау қалалық білім бөлімімен Атырау қалалық комитетіне өз ризашылықтарын білдіріп отырып, осындай игі істер жалғасын таба берсін деп алғыс айтты.

Қасиет Бахкерейқызы