Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқытып, тәрбие беру жұмыстарын мемлекет әрқашан өз мойнына алған. Дегенмен үлкен өмірге табан тірерде тәрбиеленушілер алдында таңдауға тиіс маңызды шешім тұрады. Осы тұста бос уақытты тиімді өткізіп, денсаулыққа мән берумен қатар бейімділігіне сәйкес қателспей мамандық таңдау үлкен маңызға ие.
Шешім қабылдау кезінде мұндай балалардың жанында жол нұсқап, бағдар берер тәлімгерлер де жетіспей жатады. Міне, осындай мәселені шешу мақсатында Қалалық прокуратура өкілі колледждерімен бірлесіп «Жаңа өмірге жолдама» әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруда. Оқуға түскен 10 студенттер оқуға жолдама алды. Мысалы, Гетц Виктор медициналық колледжінің стоматология мамандығына түссе, қалғандары Педагогикалық, Энергетика және құрылыс, Сервис, Агроколледждерге бірнеше мамандықтарын таңдап алынды. Оқуды аяқтаған соң, түлектерді жұмысқа орналастыруға кепілдік береді.
«Жаңа өмірге жолдама» бағдарламасы балалар үйі түлектерінің әлеуметтік бейімделуіне және табысқа толы жаңа өмірге қадам басуына жәрдемдеседі. Осы әлеуметтік бастама аясында облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінің көптеген түлектерінің тағдырына жауапкершілікпен қарап, орта кәсіптік білім алуда қолдау көрсетеді.