29 «мамыр», 2023 60

Зейнетақы жинағына үй алуға бола ма?


2023 жылғы 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында  зейнетақы жинақтары бар еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге өздерінің зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалануға құқық беріледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы БЖЗҚ-да жинақталған қаражаттарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ немесе екінші деңгейдегі банктерге жүгіне алады.

Емделу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін жоғарыда көрсетілген интернет-платформа арқылы «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға ғана жүгіну қажет.

Бұған дейін 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге ақы төлеу сияқты әлеуметтік мақсаттарға пайдалану құқығы берілгенін естеріңізге сала кетейік.

Келесі санаттар осы құқықты пайдалана алады:

1) БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар. Олар «төменгі жеткіліктілік шегінен» асатын соманың бір бөлігін пайдалана алады;

2) зейнетақысы жоғалған табыс сомасының (бұрын алған жалақысының) кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер. Олар БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтары сомасының 50% дейін пайдалана алады;

3) өзіне зейнетақы аннуитетін ресімдеген және әлі де жинақтары бар азаматтар – БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтарының сомасы шегінде пайдалана алады.

Бұл норма жұмыс істейтін азаматтарды да, зейнеткерлерді де қамтиды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

"Жайықтың мәселесін БҰҰ-да көтеру қажет" – Еділ Жаңбыршин

Кеше, 23:04

Энергетика министрі атыраулықтармен кездеспек

Кеше, 22:45

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы атыраулық жастармен кездесті

Кеше, 21:09

Көшеде аналарды құрметтеген атыраулық блогер елді сүйсінтті

Кеше, 18:05

2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді

Кеше, 17:33

Қазақстан қоржынына бесінші алтын медаль салынды

Кеше, 17:06

Атырауда 1 мың жүргізуші айыппұл төлеуден жалтарған

Кеше, 16:00

Атырау облысында 600-ден астам ит пен мысыққа чип тағылды

Кеше, 15:40

Атырауда жер телімін заңсыз сатқан

Кеше, 15:18

Қазақстанда баламасы жоқ атыраулық фабрика жабыла ма?

Кеше, 14:00

Сау туылып, сирек дертке шалдыққан

Кеше, 13:00

Атыраулық дзюдошылар "Баку кубогінде" топ жарды

Кеше, 12:02

Алименттен жалтарған шетелдік Атыраудан мас күйде ұсталды

Кеше, 11:33

Жайыққа каналдан су құйылып жатқан видео тарады

Кеше, 11:00

Атырауда «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды

Кеше, 10:01

Алматыда көз жұмған атыраулық балаға қатысты тың дерек айтылды

Кеше, 09:34

«Атырау қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

Кеше, 09:06

Атырауда отандық өнімдерді сатып алудан бас тартқан мекеме анықталды

02 Қазан,18:32