ҰБТ - 2023: Тестілеуде 229 талапкердің нәтижесі жойылды

Тағы 290 адам ереже бұзғаны үшін ҰБТ тапсыру құқығынан айырылды, деп хабарлайды informburo.kz.


Ұлттық тестілеу орталығы Ұлттық бірыңғай тестілеудің бес аптасының қорытындысын жариялады. Бес аптада үміткерлер 218 мың рет тест тапсырған.

Олардың 75 пайызы қазақ тілінде тест тапсырса, 25 пайызы орыс тілін және 0,1 пайызы ағылшын тілін таңдаған.
Тіркелген ең жоғары балл – 137. Ал шекті балды талапкерлердің 78 пайызға жуығы жинаған.

"Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 290 талапкер айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 229 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ", – делінген ҰТО хабарламасында.