Тұрақты мекен-жайы жоқ атыраулықтар анықталды

Атыраулық полицейлер тұрғылықты мекен-жайы жоқ үш тұлғаны әлеуметтендіру орталығына орналастырды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырауда тәртіп сақшылары тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізді. Іс-шара барысында ауа-райының салқындығына байланысты, учаскелік полиция қызметкерлері жылу трассаларын, жертөлелер, базарлар мен теміржол вокзалдарын тексерді.

Мәселен, 23 желтоқсан күні № 6 учаскелік полиция инспекторлары аумақтарды аралау кезінде, Канцева көшесінде орналасқан иесіз тұрған ғимаратты паналап жүрген, нақты тұрғылықты мекен-жайы жоқ 43,46 жас шамасындағы қала тұрғынын анықтап, қиын жағдайға түскен адамдарды бейімдеу орталығына орналастырды.

Егер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың көшеде ұйықтап қалғанын немесе үйлердің кіреберістерінде түнеп көрсеңіздер, «102» нөміріне қоңырау шалуларыңыз сұралады.