13 Ақпан, 2023 119

Шетелдік көліктерді заңдастыру жалғаса бермек

 Шетелдік көліктерді заңдастыру жалғаса бермек

61 мың азаматтың шетелдік көлігін заңдастыру туралы өтініші мақұлданып, 25 мың автокөлік иесі тиісті құжаттар мен нөмірлік белгілерді алды.

Шетелдік көліктерді заңдастыру 1 шілдеге дейін жалғасады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Бүгінгі таңда 61 мың қазақстандық азаматтың көліктерін заңдастыру мақұлданды. 25 мың автокөлік иесі тиісті құжаттар мен нөмірлік белгілерді алды. Заңдастыру осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады”,  - деді Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 

Айта кетейік, биыл 23 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ел аумағына әкелінген шетелдік көлік құралдарын заңдастыру басталды. 

Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, заңдастыруға Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер жатады.

Фото: ашық дереккөз