Сағызда бес отбасы баспаналы болды (+ВИДЕО)

Сағыз ауылында бес отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз ауылында мемлекеттік бағдарламаның аясында әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға жататын бес отбасыға аудан әкімі Қанат Әзмұханов жаңа баспананың кілтін табыстады. Олардың қатарында көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар.

Бұл бастама өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі санала бермек.

Амандық АБДОЛ