Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз ауылында мемлекеттік бағдарламаның аясында әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға жататын 5 отбасыға аудан әкімі Қанат Әзмұханов жаңа баспананың кілтін табыстады.
Олардың қатарында көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Бұл бастама өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі санала бермек.
