Республика күні аясында «Жылыой ауданының Құрметті азаматы» атанды

Жылыой ауданында Республика күні аясында ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан бір топ азаматқа «Жылыой ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Жылыой ауданының Құрметті азаматы» атағы мемлекеттік қызметтің және оқу-ағарту саласының ардагерлері, ардагер мұнайшылар Әлімжан Әбілханов, Лұқпан Сисекенов, Дүйсінбі Нұрғанов, Маржан Ершуова, Мәтжан Кәрімбаев, Қозыбай Дәрменов, Гайдар Арыстанов және Ахметжан Сахиевке берілді.

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов азаматтарға ауданның «Құрметті азаматы» төсбелгісі мен куәлігін салтанатты түрде табыс етті.

Ауданымыздың «Құрметті азаматы» атанған ардагер ағалар ауданның дамуына қосқан үлесі мен ұзақ жылғы қажырлы еңбектерін бағалап отырған аудан басшыларына ризашылықтарын білдіріп, ізгі тілектерін айтты.

Возможно, это изображение 2 человека, помост и текст

Возможно, это изображение 1 человек, пуговица, запонки и текст «республика KyHI 25 казан O.»