Құрманғазы ауданы әкімінің кеңесшісі мен бас инспекторы тағайындалды

Аудан әкімінің өкімімен аудан әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Аудан әкімінің кеңесшісі, болып – Сырымов Әділбек Мұратұлы тағайындалды.

Сырымов Әділбек Мұратұлы 1995 жылы 25 ақпанда Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2016 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін информатика мамандығы бойынша бітірген.

2017-2020 жылдары әртүрлі жеке кәсіпорындарда қызмет атқарған.  2020-2022 жылдың тамыз айына дейін Исатай ауданы «Нарын таңы» газеті редакциясында тілші.

Ал, Құрманғазы ауданы әкімінің бас инспекторына Вахитов Бахтияр Тлекқабылұлы тағайындалды. Вахитов Бахтияр Тлекқабылұлы 1990 жылы 21 маусымда Құрманғазы ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2011 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

2013-2018 жылдары Құрманғазы аудандық Жастар ресурстық орталығы басшысы. 2021 жылдан қазіргі кезге дейін Құрманғазы ауданы әкімі аппараты мемлекеттік көрсетәлетән қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.

Аудан әкімі Марат Мурзиев аталған  лауазым иелерін аудан активіне таныстырып, сәттілік тілеп, табысты жұмыс істейтіндеріне сенім білдірді.