Құлсары қаласы «Атырау» ықшамауданындағы 60 пәтерлерік тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Құлсарыда «Атырау» ықшам ауданындағы жаңа тұрғын үй құрылысы аяқталып, тұрғындарға пәтер кілті табысталды: Бұл туралы Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Үш қатарлы 60 пәтерлік тұрғын үй «NCOC» мекемесінің демеушілігімен, облыстық Құрылыс басқармасының тапсырысымен «TSG Констракшн» мердігер мекемесі жүргізген.
Салтанатты шараға қатысқа облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарға баспананың иглікті болуын тіледі. Жаңа тұрғын үйдің 30 пәтері үш бөлмелі, 30 пәтері екі бөлмелі болса, жалпы ауданы 4025 шаршы метрді құрайды. Жобаның жалпы құны 1 млрд 492 млн теңге.