«Қош келдің, Жаңа жыл!» (Фото)

"Самға жүрегім" қоғамдық қоры «Қош келдің, Жаңа жыл» атты мекелік кеш ұйымдастырды

Атырауда жаңа жыл қарсаңында "Самға жүрегім" қоғамдық қорының бастауымен мерекелік кеш өтті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Облыстағы көп балалы отбасылардың балаларына және мүгедектігі бар бөбектерге айнап, "Самға жүрегім" қоғамдық қорының бастауымен, FSSA, APEC Training Center компаниясы, қалалық әкімдіктің, облыстық ішкі саясат басқармасының және Атырау қаласының азаматтық орталығының көмегімен 100-ден астам балапандарды қамтитын жаңа жылдық кеш өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермуханов келіп, балаларды жаңа жылмен құттықтап, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

- Құрметті ата-аналар, кішкентай балапандар, сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Әр шаңыраққа ырыс береке алып келсін. Сәбилеріміздің несібесі көбейіп, келер жыл берекелі болсын. Осындай шараны ұйымдастыруға ұсыныс жасаған "Самға жүрегім" қоғамдық қорына, қолдау білдірген FSSA, APEC Training Center компаниясына және қалалық әкімдік пен облыстық ішкі саясат басқармасына алғысымды білдіремін, - деді Н.Ермуханов.

Жаңа жылдық кеш барысында арнайы келген аниматорлар балапандардың көңілін көтеру үшін түрлі ойындар ойнап, тәтті балаларға сыйлықтар таратты.