Мамандар Қазақстанда ерлер арасында өлімнің не себепті көбейгенін түсіндірді.
Мәселен, 2021 жылы 80 379 әйел, 95 410 ер адам қайтыс болған. Ал 2022 жылы 56 175 әйел, 66 821 ер азамат өмірден өткен. Мамандар ерлердің жиі көз жұмуын эмоцияны іште бұғып қалуымен байланыстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, эмоцияны іште бұғып қалу салдарынан ағзада спазм пайда болып, соңы жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығады екен.
“Әйелдер репродуктивті кезінде эстроген холестеринді ұстап тұрады екен. Қалай климакс кезеңге түседі, сол кезде эстроген төмендеп, холестерин көбейеді екен. Сол кезде ғана әйелде 50 жасқа таман жүрек-қан тамырлары ауруы кездеседі. Ал еркектерде жүрек-қан тамырлары аурулары 40-тан асқан кезде пайда бола бастайды ”, – деді кардиолог Айнұр Үркімбаева.
Соңғы 10 жылда елде жүрек-қан тамырлары ауруларына ұшырағандардың саны 1,7 есе көбейген. Мамандар мұны ер-азаматтардың денсаулығына жүрдім-бардым қарап, аз қимылдауынан деп отыр.
“Өзімнің тәжірибемде әйелдер өздерінің күйеулерін, жолдастарын психологке жібере алмай жатады. Өйткені “Мен псих емеспін” деген сияқты қате пікірде. Сондықтан ер адамдар психологке көп келе бермейді. Ал негізінен келген кезде өздерімен жұмыс жасаған кезде жақсы-жақсы жетістікке жетуге болады”, – деп қосты психолог Толқын Мәкенова.
Ер азаматтар әйелдерге қарағанда 9-10 жыл кем өмір сүреді дейді мамандар. Бұл өмірде дәлелденген. Жол апатына жиі ұшырап, өзіне қол салатындардың басым бөлігі де ерлер. Сананы нарық билеген заманда ер жігіттің әйеліне де, балаларына да масыл болғанын ешқашан қабылдаған емес. Сондықтан ер-азаматтар елге ғана емес, өздеріне де жауапкершілікпен қарауы қажет.