19 Қаңтар, 2023 148

Қазақстанда жаңа партия пайда болды

 Қазақстанда жаңа партия пайда болды

Әділет министрлігі 18 қаңтарда «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігін тіркеуден өткізді.

Бұл туралы ҚР Әділет минстрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Тіркеуге  2022 жылғы 3 желтоқсанда өткізілген саяси партия құру туралы құрылтай съезі, сондай-ақ «Саяси партиялар туралы» Заңның 6-10-баптарында көрсетілген құжаттар негіз болды.

Тіркеуге ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексерілді және тіркеу талаптарына сай деп танылды.

Осыған орай, 2023 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 7 саяси партия тіркелген:

 1. «Amanat» партиясы;

 2. «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;

 3. Қазақстан Халық партиясы;

4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;

5. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»;

6. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;

7. «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі.