Осыдан тура бір жыл бұрын болған оқиға бүкіл қоғам үшін де, елдің әрбір азаматы үшін де үлкен сілкініс болды.
Өткен жылдың соңында Алматыда ашылған мемориал – қоғамның, мемлекет басшысының қаңтар айындағы оқиғаларға берген жауабы болып саналады деп ойлаймын.
Жалпы, 2022 жылы бізде көптеген өзгерістер мен жаңалықтар болды. Саясатта, экономикада және қоғамдық өмірде бетбұрыс болды. Конституцияға түзетулер енгізілді, басқа да жарқын саяси оқиғалар бар және референдум өтті. Әр азамат қаңтар трагедиясынан кейінгі жан жарасын әлі толық емдеген жоқ. Біз әлі күнге дейін шошып отырмыз. Ескеретін жағдай, бәрі бейбіт түрде басталды. Жұртшылық наразылықтарын бейбіт түрде жариялауға тырысты. Бірақ, қаңтар оқиғасы болатынын ешкім де күткен жоқ.
Шерушілердің негізгі бөлігі бағаның көтерілгені үшін ғана шеруге шығып, кейін үйге оралуға ниетті болды. Бірақ ақыр соңында бейбіт шеру шиеленісе түсті. Оған қылмыстық элементтер де қосыла бастады. Әрине, бәріне уақыт баға береді,. Бірақ тұтастай алғанда бүкіл қоғам зардап шекті.
Иә, сөз жоқ, біздің Президент сын шақта Тәуелсіздігімізді сақтап, елімізді құтқара алды. Ол біз еліміздің жаңаруына және әділ Қазақстан құруға жұмыстанып жатқандығымызды ашық айтты. Алайда, мұны бәрі бірдей түсінбей жатқандығына іштей қынжылдым. Жаңа Қазақстанды құру әр адамның өзінен басталуы керек. Сонда ғана біз мақсатқа жетеміз.
Саин Қуанышев, ҚР мәслихаттарының құрметті депутаты